Жазғы кафе мен трасформатор өртенді

Ақтөбеде «Ковчег» жазғы кафесі мен трансформатор ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ливенцов көшесінде орналасқан «Ковчег» жазғы кафесі және трансформаторға арналған нысанның шатыры өртенді. Жазғы кафе жұмыс істемей тұрған. Оқиға 11-мамыр күні сағат 16:57-де болғады. Өрт сөндірушілер он минутта жетіп үлгерді.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 39 адам, 10 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам, 1 автокөлік барды. Қалалық электр желілері, авариялық газ қызметі және жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Өрт 1 сағатқа жуық уақытта толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: