Судан құтқарушылар жағажайдағы күзетті күшейтті

Көрнекі фото

Ақтөбеде суға түсу маусымы әлі басталған жоқ. Дегенмен демалыс күндері өзенге шомылғандарға судан құтқарушылар ескерту жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

1-маусым күні суға түсу басталады. Дегенмен күн ысып, ақтөбеліктер өзенге шомылуды бастап кеткен.

«Күн ыссы болғанымен түн алқын, сәйкесінше су да салқын. Өткен демалыс күндері судан құтқарушылар балалардың өзенге шомылғанын байқады. Қазір су қоймаларында күзет бар, бәрі бақылауда. Қандай жағдай болса да тек 1 маусымнан бастап шомылуға ресми рұқсат беріледі. Қазіргі кезде жағажайлар да әлі дайын емес, ешкім жұмысын бастаған жоқ», — деді облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің жетекшісі Оксана Кичигина.

Пікір қалдырыңыз