Саясаткер Дос Көшім ақтөбелік бақылаушылармен кездесті

Сайлау уақытында облыс бойынша 514 бақылаушы ашықтық пен жариялықты қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін «Аманат» мониторингтік талдау орталығының ұйымдастыруымен 50 негізгі бақылаушы алғашқы семинарға қатысты. Белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім сайлаудың таза және әділетті өтуі үшін жұмыс жасайтын тәуелсіз бақылаушылардың міндеттерін түсіндірді.

«Бақылаушы сайлауға деген халықтың сенімін көрсететін, ашық және әділ өтуін қамтамасыз ететін адамдар немесе ұйымдар тобы. Негізі бұлар екі топқа бөлінеді. Біріншісі – үміткердің бақылаушысы, екіншісі – тәуелсіз бақылаушылар. Екіншісіне қойылатын талап сайлаудың заң бойынша өтуін қадағалау. Бүгінгі семинарда бақылаушыларды дайындайтын тренерлерді оқытамыз. Негізгі жоспар бойынша сегіз облыс пен екі қаланы қамтимын», — дейді қоғам қайраткері Дос Көшім.

Естеріңізге сала кетейік, үміткерлердің барлығына бірдей жағдай жасау үшін өңірде «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізетін азаматтық платформасы жұмыс жасап жатыр.

Пікір қалдырыңыз