Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 мамыр күні Алматы уақытымен 05 сағат 20 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 552 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 9,5. MPV магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», — делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: