Орталық базарда 80 кәсіпкер шығынға батты

 

Ақтөбеде бір түнде күлге айналған «Айсұлтан» сауда орталығының орны толықтай тазартылады. Жабық базардағы орындары өртеніп кеткен кәсіпкерлерге тегін сауда орындары ұсынылып жатыр.

«Өртенген орындар бойынша қазір сақтандыру компанияларымен жұмыстар жасалуда. Базардың жартысы ашылды. Қалпына келтіру бойынша заңға сай шығындар өтелетін болады. «Айсұлтан» жабық базарындағы кейбір кәсіпкерлердің өздері арнайы сақтандыру компанияларымен келісімге отырған. Сол себепті анықтау жұмыстары тыңғылықты жүргізілетін болады. Айсұлтанда тұрған кәсіпкерлерге басқа жерлерден тегін орын берілетін болады. Қажеттіліктеріне қарай мұздатқыштармен қамтамасыз етеміз»,-дейді орталық базар директоры Еламан Итеғұлов.

Орталық базардағы өрт мамырдың 8-нен 9-на қараған түні орын алған болатын. Ондағы «Айсұлтан» жабық базары мен қасындағы ұсақ сауда орындары өртеніп кетті. Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша шығынның өтелуін сұрап, базар әкімшілігіне 80 адам арыз түсірген.

«Біз арнайы құрылған комиссиямен жағдайды бақылауға алып отырмыз. Кәсіпкерлердің несиесіне қатысты банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Өрт кезінде зардап шеккен барлық базар қызметкерлеріне мүмкіндігінше көмек беріледі»,-деді қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: