Ақтөбелік көп балалы аналар бес қыздың рухына құран бағыштап ауызашар бермекші

Ақтөбелік көп балалы аналар Астана қаласында қайғылы оқиғадан қаза тапқан бір үйдің бес қызына құран оқытып, ораза ұстаған жандарға ауызашар жасауға ниеттеніп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жақында ғана тиесілі атаулы көмекті алған көп балалы аналар ортақ шешімге келген. Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауызашар жасап, бақилық болған бес қыздың атына Құран оқытқысы келеді.

«Өткен ақпан айындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан бес бүлдіршінге көпбалалы аналар болып ортамыздан құран бағыштатқымыз келеді. Өзіміз 2500 теңгеден жиналып, қасиетті айда ораза ұстаған жандарға ауызашарға ақ дастарқан жаямыз. Әзірге 45 ана жиналды. Тағы қосылатындар да бар. Ол бүлдіршіндерді мәңгіге ұмытпауымыз керек. Болған жағдай көз алдымыздан кетер емес. Қайғылы оқидан кейін үкіметтен атаулы көмек төленді. Балабақшаға 70 пайызбен жеңілдік жасалып, баспанасы жоқтарға баспана жағынан көмек беріп жатыр. Балаларымыз болашақта ешқандай қиыншылық көрмесін. Жетімдер үйі болмасын. Мүгедек сәбилеріміз ауруларынан ораза айында сауығып кетсін. Алла осы тілегімізді қабыл етсін», — дейді Гаухар есімді көп балалы ана.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: