«Қазақ» асханасы ораза бойы студенттерге ауызашар береді

Басқа күндері Ақтөбедегі «Қазақ» асханасы студенттерге тегін тамақ үлестіріп жүрген асхана басшылығы енді 30 күн бойы ауызшар беруге ниеттеніп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ашылғалы екінші жыл қатарынан тегін ауызашар ұйымдастырғалы жатырған асхана ұжымы биыл келетін студенттердің қатары көп болатынын айтты.

«Бір жеті бұрын жұмыс жасау уақытын іліп, студенттерге хабарладық. 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасаймыз. Былтыр асхана залы толықтай болды. Бір-бірімен сыйысып, кезек-кезек ішіп жүрді. Биыл да ауызашарда студенттердің қатары көп болады деп күтіп отырмыз», — дейді асхананың әкімішілік қызметкері Әсемгүл Кисина.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: