«Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша үшінші үй берілді

Үш ай бұрын бастау алған игілікті жоба жемісін беріп жатыр. Кезекті баспананың кілті көп балалы ана Гүлжанат Маралқызына табысталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен бір отбасы баспаналы болды. Қуанышқа ие болып жатырған жалғыз басты ана бес баласын өзі өсіріп отыр. Пәтердің кілтін табыстау үшін облыстың бас имамы арнайы барып, үлес қосқан жандарға алғысын білдірді.

«Қолға алынған «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында Қазақстан бойынша он тоғызыншы, ал Ақтөбе облысы бойынша үшінші баспана табысталып отыр. Ал бүгінгі қуанышқа шалқарлық жамағаттың қолдауының арқасында қол жеткенін айтқым келеді. Сауапты іске атсалысқан барша жамағатқа алғыс айтамыз. Көп балалы ананы қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз», — деді ол.

Сонымен қатар Шалқар ауданы әкімі Бауыржан Қаниевтің атынан қоныс иелеріне жаңа тұрмыстық техникалардың сертификаты табыс етілді.

Облыстағы мұқтаж жандарға баспана сыйлау мақсатында қолға алынған жобаға атсалысқысы келетін жандар үшін арнайы есепшот ашылған:

KaspiGold: 5169 4931 06731295
ИИН:6601 2140 2077
(Кенжегул Кушкарова)

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: