Ақтөбеде бірнеше мектептің асханасы тексерілді

Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясының асханасынан тамақ ішкен оқушылар уланып қалып, директорға қатаң сөгіс берілді. Дәл сол жеке кәсіпкер қызмет көрсететін мектептер тексерілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтің айтуынша, қазір 80 мектепте тамақтану жұмыстары жүргізіледі. Бір оқушыға 225-235 теңге қарастырылған. Ақтөбе қаласы бойынша 6500-ден астам оқушы мектептерге тегін тамақтанып жүр.

«Наурызбаев» жеке кәсіпкерлігі тағы 4 мектепке қызмет көрсетеді. Сондықтан өзге мектептердегі жұмысы да тексеріліп, жұмысынан еш кінәрат табылмады», — деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Айта кетейік, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті санитарлық-эпидемиологиялық ережені сақтамаған жеке кәсіпкер Әлібек Наурызбаевты сотқа берді. Сот шешімі әлі шыққан жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: