«Baqytty bala»: Әнші Ержан Максим байқаудың қонағы болады

Өткен жылы ұйымдастырылған «Baqytty bala» байқауының жеңімпазы, «Голос. Дети» байқауының жүлдегері Ержан Максим жазда Ақтөбеге келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» байқауында бас жүлдеге лайықты деп санап, әділқазылар өте әділ шешім шығарып еді. Сол кезде балапанның қуанғаннан томпаңдап жүгіріп, кеш бойы ән айтқаны есімде. Ресейдегі «Голос. Дети» байқауы төңірегіндегі әңгіме-дауға қарап, былтырғы «Бақытты бала» байқауына төрелік жасаған әділқазыларға риза болып отырмын. Бұйырса, Ержанымыз биылғы «Бақытты бала» байқауының құрметті қонағы болады», — деп жазды әнші Светлана Айтбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, 10-17 шілде аралығында Ақтөбеде «Baqytty bala» байқауы өтеді. Қазір өтініштер қабылданып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: