«Жұбановтар әуені — 2019»: Бас жүлде – 1 миллион теңге


Ақтөбеде «Жұбановтар әуені — 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамблдер фестивалі басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының 75 жылдығына орай, «Жұбановтар әуені — 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері және ансамблдер фестивалі басталды. Фестиваль қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы академик Ахмет Жұбанов және қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы Қазақстанның және КСРО халық артисі, композитор, профессор Ғазиза Жұбанованың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға Ресей, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалаларынан үміткерлер қатысады. Бас жүлде – 1 миллион теңге. Қазылар алқасының төрағасы: Цыганков Александр Андреевич – РФ халық әртісі, РФ Үкіметі сыйлығының лауреаты, Достық орденінің кавалері, Гнесиндер атындағы РАМ профессоры, РФ Композиторлар Одағының Мәскеу композиторлық ұйымының мүшесі (Москва қ,. РФ).

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: