Самат Смақов: Клуб қарызының 80 пайызы жабылды

«Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов клубтың шетелдік ойыншылар алдындағы қарызы түгел өтелгенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Клубтың баспасөз қызметі Самат Смақовтың сұқбатын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, тек қазақстандық ойыншылар Юрий Логвиненко, Марат Хайруллин, Валерий Коробкин алдындағы қарыз әлі өтелмеген.

«Сабырлылық танытқан жігіттерге алғыс айтқым келеді. Бәрімен міндетті түрде есептесеміз! Биылғы маусымның басты мақсаты — клубтың қарызын толық өтеу. Сағы сынбаған өжет «ақ-қызылдар»деген үлкен отбасы мен жанкүйердердің мықты қолдауы арқасында клубтың бұрынғы мерейін қалпына келтіреміз деп сенемін», — деді Самат Смақов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: