Тұңғыш Президент Тоқаев жайында: Қазақстанды басқаруға лайықты азамат

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды басқаруға лайықты азамат. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіруге атсалысты», — деп атап өтті ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қ.Тоқаевтың тікелей қатысуымен 90-шы жылдардың аяғы ме 2000 жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп, ел экономикасын өркендетуге жол ашылғандығын айтты.

«Сол жылдары ол менің Ұлттық қор құру туралы идеямды толық қолдап, оның құрылуына атсалысты. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі, даму институттары осы кезде пайда болды. Әлеуметтік жаңғыру жолында алғашқы қадамдар жасалды. Жаңа зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосты. Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендеуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін. Ол менен бір мүшел жас кіші, осы күні ел басқарып отырған төңіректегі көршілеріміздің құрдасы және замандасы болып саналады. Жұмыс істеуіне ыңғайлы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: