Ақтөбелік жастар Орынбордан жүлдемен оралды

Орынбор қаласында өткен дәстүрлі байқауға биыл 80 делегация қатысқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл сайын осы шараның тұрақты қатысушысы болып жүрген ақтөбелік делегация биыл да үлкен жүлдемен оралды. Жастар 8 номинация бойынша шығармашылық байқауға қатысты. Нәтижесінде «Алаш» театры 1 — орын, «Мода» театры 3 — орын, ән бағыты бойынша Бақытгүл Тілеубаева 3 — орын, би номинациясы бойынша «Нұршашу» тобы 2 — орынды иеленді. Әділ Алтыбайовтың өнері үздік деп танылып, арнайы жүлдені алды. Команданы бастап барған Артур Азиев үздік жетекші атанды.
Естеріңізге сала кетейік, «Көршілер» қойылымын қойған «Алаш» театры үшінші мәрте осы байқаудың жеңімпазы атанды.

Пікір қалдырыңыз