Ақтөбелік имамдар аттестациядан өтіп жатыр

«Нұр-Ғасыр» мешітінде облыс имамдарының білімі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы құрылған комиссиясы барлығы 104 ақтөбелік имамды аттестациядан өткізеді. ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау Әділбаев бастаған комиссия құрамында дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Ақтөбе облысы бойынша өкіл имам Төлеби Оспан бар. ҚР Конституциясы, ислам тарихы, фиқһ, ақида, ҚМДБ-ның басты 4 құжаты бойынша имамдардың білімдері мен біліктілігі сараланып, баға берілмекші.

Пікір қалдырыңыз