«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: Шұбарши мен Кеңқияқта лаңкестіктің алдын алу шарасы өтті

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында құқық қорғау органдары Темір ауданына барып, лаңкестіктің алдын алу мақсатында тренингтер өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Темір ауданының Алтықарасу, Теректі, Ақсай, Кеңкияқ, Шұбарши, Саркөл елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Лаңкестіктің алдын алу мақсатында тренингтер өткізілді. Сонымен қатар Темір ауданының орта мектебі, аудандық орталық емхана ұжымы және «Кенкияқ мұнай» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, лаңкестік қаупі туындаған кезде дұрыс әрекет ету, қорғаныс іс –шаралары туралы ақпараттық материалдар ұсынылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Аудандағы террористік тұрғыдан осал 5 нысанның қорғалуына комиссиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде лаңкестік жағдайлар туындаған кезінде іс-қимыл дағдылары бойынша тренингтер өткізіліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар берілді. Тұрғындарға 2 мыңнан аса ақпараттық парақша үлестірілді. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру аясында жұмыс тобы мүшелері аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп «Көші-қон», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Көші-қон заңнамасын бұзған 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қару» жедел — алдын алу шарасы барысында ауданда 3 адамның заңнама талаптарын орындамағаны анықталды. Сонымен қатар «Жасөспірім» шарасы аясында 1 қиын отбасы есепке алынып, кешкі мезгілде көпшілік орындарда балалардың қараусыз жүргені үшін 10 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: