Белгілі әлиятанушы Ғалымжан Байдербестің Ржев туралы тағы бір кітабы жарық көрді

«Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырды» атты еңбекте 100 және 101 дербес ұлттық атқыштар бригадасы жауынгерлерлерінің ерлігі жазылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл автордың Ржев үшін ерлік көрсеткен майдангерлер туралы жазған үшінші кітабы. Жаңа еңбекте осы кезеңге дейін айтылмаған тың деректер мен ескерусіз қалған есімдер көрсетілген.

«Кітапты тарихи сәтпен байланыстырдым. 2010 жылы Ақтөбе облысының қатысуымен Ржев қаласында үлкен кешен салынды. Бірақ, белгісіз себептермен тапсырылмай келе жатты. Өткен жылы Бердібек Сапарбаев құрылысшыларды жіберіп, қайта жасатып, Ресей елінің балансына өткізді. Мен де еңбектерімді жинақтадым. Бұған дейін «Ржев шайқасының қаһармандары» атты кітабым шығып, оны орыс тіліне аударып, қайта бастым. Мынау үшінші еңбегім», — дейді «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес.

Сонымен қатар кітапта мерзімді басылымдарда жарық көрген майдангерлердің естеліктері, ресейлік және қазақстандық өлкетанушы-тарихшылар, іздеу отрядтары мүшелерінің де еңбектері де бар.

Пікір қалдырыңыз