Ақтөбеде «Ақжол» партиясының съезіне қатысатын делегаттар сайланды

Ақтөбеліктер «Ақжол» партиясының Нұр – Сұлтан қаласында өтетін съезіне қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақжол» демократиялық партиясының конференциясы Ақтөбе қаласында өтті. Оған аудан, ауылдан партия мүшелері қатысып, съезд делегаттары сайланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жиынға ҚР Парламент Мәжілсінің депутаты Дания Еспаева мен партияның облыстық филиал төрағасы Асқар Садықов қатысты. Ал партия төрағасы Азат Перуашев ауа райының қолайсыздығынан жиынға қатыса алмады.

«Негізі Нұр – Сұлтан қаласындағы пленумда президенттікке үміткер анықталмады. Көбі Азат Перуашевтің кандидатурасын ұсынды. Дегенмен А.Перуашевтің өзі өзге де адамдардың үміткер бола алатынын айтты. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының филиал төрағалары өздерін ұсынды. Сол жиында 7-8 ұсыныс түскен екен. Нақты шешім съезде қабылданатын болды», — деді Дания Еспаева. Сонымен қатар пленумда демократиялық партия әйел адамның президенттікке үміткер болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырған екен.

Айта кетейік, конференция кезінде 24-сәуірдегі съезге 6 делегат сайланды. Олардың көбі аудандық мәслихат депутаттары.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: