Геннадий Головкиннің келесі айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) маусымда рингке оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 8 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында 35 жастағы канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі. Бұл туралы Туиттерде Yahoo! Sports журналисі Крис Мэнникс жазды. Ол DAZN стримингтік платформасында — Головкиннің жаңа серіктесінде жұмыс істейді.

Еске салайық, Геннадий соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 15 қыркүйегінде өткізді. Ол төрешілердің басым көпшілігінің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен (51-1-2, 34 КО) жеңіліп қалды. Роллс соңғы рет 15 желтоқсанда рингке шығып, төрешілердің шешімімен америкалық Кеандр Лезервудты (21-6-1, 13 КО) жеңген еді.

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: