«Ауыл — ел бесігі»: Үш ауданда дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынады


Ақтөбенің Қарғалы, Темір, Мәртөк ауданының орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

«Nur Otan» партиясының «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында ауылдардың инфрақұрылымын жаңарту үшін облысқа 1,2 млрд теңге бөлінеді. Қаржыға Бадамша, Шұбарқұдық және Мәртөк ауылдарына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, ауылішілік көшелердің жолы жөнделеді.

«Мәртөк ауылындағы спорт ғимаратын күрделі жөндеу басталады.Сонымен қатар биыл «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 600 жас маман мемлекеттік қолдауға ие болады. «Еңбек» бағдарламасы аясында ауылға 3,9 млрд теңге бөленді. Яғни, 1 мың жаңа жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бар», — деді облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Пікір қалдырыңыз