Ақтөбеде жемқорлыққа бейім салалар анықталды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа жиі барады.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары арнайы зерттеу жүргізді. Олар «Google» ғаламтор браузерінің іздеу жолағына «сыбайлас жемқорлық», «пара» және «Ақтөбе облысы» атауларын енгізген кезде жаңалықтардың 58 пайызы құқық қорғау органдарына бағыттағандығын көрсетті.

«Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысын да растап отыр.
Мәселен, мониторинг нәтижелері бойынша осы жылдың І тоқсанының қорытындысына сәйкес жауапкершілікке тартылған 14 адамның алтауы, яғни, жалпы санының 42% полиция қызметкерлері. Алаяқтықпен 4 факт болса, парақорлық пен лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғандығы үшін 2 факт», — деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетйік, Ақтөбе облысы бойынша соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш сақталған. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар арасындағы облыстық полиция қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы 57,5%, 2018 жылы 30% құрады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: