Ақтөбеде 770 келі балық заңсыз ауланды

Ақтөбе полициясы заңсыз балық аулап, құс ату дерегін анықтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде «НЕРЕСТ-2019» жедел — алдын алу шарасы өтті. Мобильдік топтар 90-нан астам рейдке шықты. Барлығы 150 табиғатты қолданушы тексерілді. Нәтижесінде 88 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Соның ішінде 26 балық аулау және балық ресурсын қорғау ережесін бұзу, 62 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған.

«Заңсыз балық аулау, құс ату дерегі тіркелді. Бұрын тіркелмеген тегіс ұңғымалы ату қаруы тәркіленді. 150 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торы да табылды. Жыл басынан бері барлығы табиғатты қорғау полициясы қыметкерлерімен балық ресурстарын қорғау бойынша 61 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 6 дерек бойынша ҚР ҚК «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көрсетілген деректер бойынша 770 кг заңсыз ауланған балық, 1000 метр балық аулау торы тәркіленді», — деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: