Ақтөбеде қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта жөнделіп жатыр

Ақтөбеде қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бір жылдан соң сыр берді. Жөндеу жұмыстарына екі апта берілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет үй маңында ашылған ескерткішті қазір мердігер мекеме қайта қиратып жатыр. Өткен жылы бюджеттің 15 миллион теңгесіне іргетасы қаланып, қара гранит тастан қабырғасы көтерілген болатын. Биыл іргетасы сыр беріп, тастар қираған соң қалалық әкімдік мердігерге жөндеуге тапсырма берді.

«2018 жылдың мамыр айында қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылған болатын. Жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге қаржы бөлінді. Биыл іргетасы сыр беріп, гранит тастар сынып кетті. Енді келісімшарт бойынша кепілдік уақытымен мердігер өз қаржысына жөндейді», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің сектор меңгерушісі Дастан Әжібаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: