Ақтөбеде 200-ге жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

Ақтөбеде ірі компаниялар мен өндірістік серіктестіктер жалпы құны 115 500 000 теңге қарыз, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жұмысшылардың еңбекақысын төле алмай жүрген өндіріс орындарының алғашқы тізімінде «Жаңатас Ақтөбе» компаниясы тұр. Қиыршық тас шығаратын серіктестіктің бүгінгі таңдағы жұмысшыларына қарызы — 46 миллион теңге. Сонымен қатар «Аска Экспо Центр» серіктестігінің қызметкерлеріне деген қарызы 13 миллион теңгені құрап отыр.

«Бұдан басқа шығындары көбейіп, жалақыны төле алмай жабылып қалған мекемелер бар. Олардың саны бесеу. Екі-үш жылдан бері жалақысын ала алмай жүрген 169 жұмысшы өтініш білдірді. Есептеген кезде 72,1 миллион теңгені құрайды. Ол мекемелердің ең бірінші мүліктерін сату керек. Сол арқылы алдымен жұмысшылардың жалақысы төленеді», — дейді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инпекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Саламат Аманбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: