Сенбілікке шыққан ақтөбелік асабалар төрт өңірге эстафета жолдады

Той саласында жүрген ақтөбелік өнерпаздар Елек өзенінің жағасын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жалпықалалық сенбілік жұмыстарына түрлі мекемелер мен оқу орындары, жастар атсалысып жатыр. Игілікті іске той саласының майталмандары да өз үлестерін қосты. Қонаев көшесіндегі Елек өзенінің жағасын күл-қоқыстан тазартып, басқа қаланың өнерпаздарын сенбілікке шығуға шақырды.

«Өнер және той саласындағы жүрген жандар ақылдасып өз еркімізбен сенбілікке шықтық. Алдағы уақытта қала тұрғындары және қонақтарына «тазалық сақтап жүрейік» деп айтқымыз келеді. Ақтөбе қаласынан осы эстафетаны Қызылорда, Атырау, Ақтау, Орал қаласының барша өнер азаматтарына жолдаймыз», — дейді асаба Дастан Сүлейменов.

Пікір қалдырыңыз