«BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне Қырғызстан мен Өзбекстан театрлары қатысады

16-21 сәуір аралығында Ақтөбеде «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнап экспериментальды спектакльдер фестивалін ұйымдастырады. Мақсат — театр шығармашылық топтарының әлеуетін қолдау және дамыту, жаңа буынның қалыптасуына және шығармашылық бастамасын ынталандыру, театр өнерін дәріптеу, театр мәдениетін өзара байыту және заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру, театр ұжымдары арасында қатынасты нығайта отыра, олардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Қазылар алқасының төрағасы режиссер, профессор, Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев. «Үздік қойылым», «Үздік режиссерлық жұмыс», «Үздік сценография», «Үздік ер адам ролі», «Үздік әйел адам ролі», Екінші пландағы үздік ер адам ролі», Екінші пландағы үздік әйел адам ролі», Үздік эпизодтық роль», «Үздік актерлық ансамбль», «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациялары бар.
Фестивальге қатысушылардың қойылымы:
1. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры — «Гамлет» (моноспектакль).
2. Көкшетау «EL jastar teatry» — «Армандар кемесі» (Айғыз Баймұхаметов).
3. Жамбыл облыстық қазақ драма театры — «Томирис» (Болат Жандарбеков).
4) Буинск атындағы Мемлекеттік драма театры (Татарстан) — «Абага» (Р.Зайдулла).
5. Өзбекстанның Мемлекеттік қуыршақ театры — «О, бұл Қожа Насреддин» (Д. Юлдашев).
6. Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры — «Шолпанның күнәсі» (М.Жұмабаев).
7. Аппаз Жайнақов атындағы Баткен облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан) — «Жамила» (Ш. Айтматов).
8. Антеприз театры (Армения) — «Манипуляция» (Э. Ионеско «Бред вдвоем»).
9. МКҚК «Алматы Әуендері», «Асанәлі Әшімов театры» — «Вий» (Н.В.Гоголь).
10. ЛАБОРАТУРА 316 (Алматы қ.) -«B.O.Q.» «Геркулес и Авгиевы конюшни» (Фридрих Дюрренматт).

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: