Ақтөбелік мұғалім 17 жылдан соң кәсіпкерлік жолды таңдады

Ақтөбенің Шұбарқұдық ауылында мектеп мұғалімі болған Ләйлә Ақтөрина қазір өз кәсібін ашып алды. Киім-кешек тігіп, қыз жасауын дайындайтын кәсіпкер шеберлік сабағын да өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту» бағытымен бір топ адам Темір ауданына барды. Мұнда кәсіпкер Ләйлә Ақтөрина 12 қыз-келіншекті тігу үйретті. Көпбалалы ана бұған дейін 17 жыл бойы мектепте еңбек пәнінен сабақ берді. Оқушы қыздарды ине ұстап, тігу өнеріне үйретті. Кейін өз біліктілігін арттырып, қолынан келетін істі дамытты, кәсібін ашты. «Бизнес кеңесші» курсын тәмамдап, «Нұрайым» ательесінің жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер мұнда киім тігіп, өзгелерді оқытады.

«Тігін машиналарын сатып алып, қызмет көрсету аясын кеңейтуді жоспарлап отырмын. Қазір ұлттық киімге, қыз жасауына сұраныс жоғары. Алдағы уақытта тағы 2-4 тігіншіні жұмысқа алғым келеді», — деді Ләйлә Ақтөрина.

Айта кетейік, биыл «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы Темір ауданынан 115 адамды оқыту жоспарда бар. Олардың 20-дан астамы «Бастау» жобасынан соң өз кәсібін ашуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: