Ақтөбеде Бауырластар зиратының темір қоршауын ұрлап кетті


Ақтөбеде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбе қаласының госпиталінде қайтыс болған жауынгерлердің Бауырластар зиратында темір қоршау ұрланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сүт зауыты» аумағында орналасқан Бауырластар зиратынан темір қоршаулардың ұрлану дерегіне қатысты Қылмыстық Кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерді анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Металл қабылдау орындары тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мұнда 290 Кеңес әскері жерленген. Бұған дейін белгісіз біреулер 45 сарбаздың есімі жазылған гранит тастың үшеуін бұзып кеткен болатын. Осыдан 7 жыл бұрын болған оқиға кезінде де кінәлілер табылмады, қалалық әкімдік жөндеу жүргізді.

«Зират жұмысшыларының кезекті бақылау жұмыстары кезінде осы жағдайлар анықталды. Шойыннан жасалған қоршаулар ұрланған.  Бірден полицияға хабар беріп, арыз түсірдік. Қазір қала бойынша 40-тан аса зират бар. Оларды тазарту жұмыстарын жасаймыз.  Ұрланған қоршауларға қатысты полиция анықтау жұмыстарын жүргізетін болады», — дейді ритуалдық қызмет көрсету орталығының басшысы Сәбит Дүйсенов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: