«Ақтөбе» футбол клубы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді


«Ақтөбе» командасы атыраулық футболшыларды 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Орталық стадионның әлі дайын болмауына байланысты ақтөбелік футболшылар қонақтарды Қостанайдағы «Тобыл» аренасында қабылдады. Ойыннның 3-ші минутында Радин Милан қақпаны дәл көздеп, есеп ашқан болатын. Ақтөбелік футболшылардың жойқын шабуылдарының бірі сәтті шығып 45-ші минутта Милишевич Хрвое ұпайды еселеді. Ойын қорытындысы 2:0 есебімен аяқталып, «Ақтөбе» футбол клубы осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Келесі ойын 20-сәуір күні Павлодар қаласында болады. «Ақтөбе» футболшылары «Ертіс» командасымен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: