«Ел үлесі — пәтерге»: Балаларын интернатта өсірген ана баспаналы болды

Темір ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Назгүл Таңбаеваға «Ел үлесі — пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында екі бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Зекет» қорымен бірлесіп аталмыш жоба аясында екінші үйді тапсырды. Аудан тұрғыны Назгүл Таңбаева тұрмыс тауқыметін көріп, баспанаға қол жеткізе алмады. Көпбалалы ана алты баласының төртеуін интернатқа тапсыруға мәжбүр болған. Жоба аясында оған күрделі жөндеуден өткен екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Қуаныштан көзіне жас алған ана барша ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Бұл «Ел үлесі — пәтерге» жобасы мұқтаж отбасыларға баспана алып беру үшін құрылған бастама. Жамағаттың қолдауымен облыс көлеміндегі мешіттерде жәрмеңкелер өткізу арқылы тиындап жиналған қаражаттың арқасында қол жеткізген екінші баспана екенін айтқым келеді. Бүгін халықтық жобаға атсалысушы ақтөбеліктердің үлесімен темірлік отбасыға үй алып бердік. Осынау сауапты іске облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, Ақтөбе қалалық мешіті, «Қабақ баба» мешіті, Темір аудандық «Досжан Хәзірет» мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа алғыс білдіргім келеді», — деді Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Дәдіұлы.

Жаңа қоныс иелеріне Темір аудандық әкімдігі тұрмыстық техника алу үшін 50 000 теңгенің сертификатын табыстады.

Еске сала кетейік, ақпан айында «Нұр Ғасыр» мешіті және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Ембі қаласындағы мұқтаж отбасыға үш бөлмелі пәтердің кілті тапсырылған болатын.

Сонымен қатар қор қызметкері Кенжегүл Қошқарова атынан банкте арнайы есеп шот ашылды. Баспанасыз отбасылардың үйлі болуына көмек көрсеткісі келетін қайырымды жандарды мына есепшотқа қаржы аудара алады:

«Kaspi Gold» 5169 4931 0673 1295
ИИН: 660121402077

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: