«Рухани жаңғыру»: Ақтөбеліктер туған жеріне 2,3 миллиард теңге жұмсайды

Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 196 іс-шара өткізіледі. Оның ішінде халықаралық деңгейде 16 жоба өткізілсе, республикалық маңызға ие 24 әртүрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. «Туған жер» арнайы жобасы ірі шараларының бірі – әлеуметтік бағыттағы «Бақытты бала» жобасы. Биыл жалғасы болады.

Кәсіпкерлерді кіші Отанын дамытуға ынталандыру және қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында «Туған жерге тағзым» акциясы жалғасын табады. 2019 жылға акция аясында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 552 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Акция аясында жаңа нысандар бой көтеріп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: