Қытайда жүк пойызы тұрғын үй ғимаратына соғылды

Қытайдың орталық бөлігінде Хэнань провинциясындағы Гунъи қаласында жүк пойызы апатқа ұшырап, салдарынан алты адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы бейсенбі күні Sina ақпараттық порталы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның дерегі бойынша, оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 22:00-де болған. Chalco компаниясының боксит тиелген теміржол құрамы рельстен шығып кетіп, тұрғын үй ғимаратына соғылған.

Билік құтқару жұмыстарын жүргізу үшін және апаттың салдарын жою мақсатында жедел топ ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз