Сайлау-2019: Кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде аяқталады

Осы жылдың 9-шы маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия отырысында ол ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде әзірленгенін айтты.
«Науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын айқындау үшін негіз «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы болып табылады. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан келесі күні, яғни 2019 жылғы 10 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады», — деді К.Петров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: