«Ботагөз батыр», «Томирис», «Батыр Баян»: Ақтөбелік жастар тың қойылымдарды сахналайды

Ақтөбеде театрлар фестивалі өтеді. Бір ерекшелігі биыл жастар театры фестивальге көп қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

13 сәуір, яғни, осы сенбіде Ақтөбеде облыстық театрлар фестивалі өтеді. Халық шығармашылығы үйінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Театр – өнердің ұлы көші» фестиваліне жастар қатысуға ниет білдірген. Көбі – студенттер.

«Халықтық театрлар бұрыннан бар. Бірақ биыл жастардың қатары көп. Мәселен, Хромтау тау-кен колледжі, С.Бәйішев атындағы университет жастары мен аудандағы жастар қатысуға өтініш берді. Жастар жылындағы белсенділік бізді қуантады. 13 сәуір күні сағат 10:00-ден бастап кешкі 19:00-ге дейін фестиваль жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін фестивальге қатысушылардың қойылымын тамашалау тегін болады», — деді Халық шығармашылығы үйінің баспасөз қызметкері Гүлнар Сейталина.

Айта кетейік, Мұғалжар ауданы «Нарком Жүргенов», Ырғыз «Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар», Ойыл «Ботагөз батыр», Байғанин «Қара орамал», Қобда «Томирис ханшайым», Әйтеке би «Батыр Баян» секілді қойылымдарды сахналайды. Театр фестивалі Т.Ахтанов атындағы драма театрда болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: