Ақтөбелік оқушылар арасында «SportFEST Kazakhstan» жобасы басталды


Екі күнге созылатын шара барысында жеңімпаз атанғандар республикалық кезеңге жолдама алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Самұрық Қазына» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатырған жоба бойынша оқушылар әскери-қолданбалы дайындық, волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды алты спорт түрі бойынша бақ сынасады. Ақтөбеде барлығы 400-ден астам оқушы спорттық жарысқа жиналды. Шараға облыс бойынша 12 команда сайысқа түседі. Жеңімпаз атанғандары жаз мезгілінде өтетін жобаның республикалық кезеңіне жолдама алады.
Естеріңізге сала кетейік, ойындар Есет батыр атындағы спорт мектебінде өтіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: