Ақтөбенің жұмыссыз жастары Алматыға барып, бизнес бастауды үйренді

БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Жастар бейбіт даму жолын қолдайды» атты лагері өтті. Бір апталық шараға ақтөбелік жұмыссыз жастар да қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Алты күнге жоспарланған лагерьде Қарағанды және Ақтөбе облысынан барған жастар түрлі бағыттағы семинар-тренингтер мен оқу дәрістеріне қатысты. Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарынан 30-ға жуық жұмыссыз жас өзін-өзі дамыту, жетістікке жету жолдарын, күйзеліске қарсы тұру, сөйлеу мәнері, гендірлік саясат бағыттарында өздеріне қажетті ақпараттар алды. Сонымен қатар, бизнес тренингте шалқарлық қатысушылар «Антикафе» жобасын ұсынып, сәтті қорғап шықты.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: