Ақтөбеде 8 адам жыныстық қатынас арқылы жұқпалы ауруға шалдыққан

Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігері ауру жұқтырғандардың дені жастар деп отыр. Үш айда 8 адам жыныстық қатынас арқылы жұқпалы ауруға шалдыққан.

«Ақтөбе облысында АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Облыста мұндай жағдай алғаш рет 1989 жылы тіркелген болатын. Мекемеде АИТВ жұқпасымен 476 адам тіркелген, оның 382-сі Қазақстан азаматы. Осы жағдаймен тіркелгендердің дені жастар. Қазір 20 мен 29 жас аралығындағы 165 жас осындай инфекциямен есепте тұр. 2019 жылдың 3 айында 8 адам АИТВ жұқпасымен анықталды. 2019 жылы тіркелгендердің барлығы жыныстық қатынас арқылы жұқтырып отыр», — дейді Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігері Динара Оразалинова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: