«Ақтөбе» – «Атырау»: Матчтың қай жерде өтетіні белгісіз

 

«Ақтөбе» — «Атырау» командасының кездесуі қай жерде өтетіні әлі белгісіз, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбенің орталық стадионында алғашқы матч 14 сәуір күні өтуі тиіс еді. Бірақ ұйымдастырушылар әлі белгісіз деп хабар таратты. Комиссия бұған дейін стадионды тексеріп, ойын өткізуге рұқсат бергенімен, соңғы сәтте шешімнің екіұшты болуына не себеп екені белгісіз.

«Бұған дейін ресми парақша арқылы «Ақтөбе» — «Атырау» футбол командаларының кездесуі Орталық стадионда өтеді деп хабарланған болатын. Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы матч туралы ақпарат та таратылды. Бірақ қазір ақпарат белгісіз күйінде қалып отыр. Матчның қай жерде өтетіті белгісіз. Қосымша хабар береміз», — деді «Ақтөбе» ФК пресс-атташесі Марат Жұмабаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: