Кесілген бір ағаштың орнына бесеуі егіледі — қала әкімдігі

Ақтөбе қаласы аумағындағы 8 өзеннің арнасын кеңейту және тазарту жұмыстарымен төрт мердігер мекеме айналысып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өзендердің арналарын тазарту және тереңдету, жағалауларды бекіту бойынша «Компания Спецстрой» ЖШС, «Павлодарский речой порт» АҚ, «Берекелді» ЖШС, «Гидрокурылыс» ЖШС айналысып жатыр. Бұл жұмыстарға 6,7 млрд теңге жұмсалады. Дегенмен қала тұрғындарын өзен жағасындағы ағаштардың жаппай кесілуі алаңдатады. Аталмыш мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Марат Көзбаев жауап берді.

«Басты мақсатымыз — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Су тасқынының алдын алу үшін дұрыс шара жасауымыз керек. Кесілген әрбір ағаштың орнынан бес ағаштан егіледі. Ол көшеттерге қаржы біздің бюджеттен бөліндейді. Жұмыс жасап жатқан төрт компания есебінен отырғызылады. Тек біз өзен жағасын тазартамыз. Жасыл алқапты мүмкіндігінше сақтап қалып жатырмыз», — дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: