Наурыз баршаға жақсылық, құт-береке тілеп, ертеңге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі — Оңдасын Оразалин

 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бүгін өңір жұртын Наурыз мерекесімен құттықтады. Ауа райы жылып, халық орталық алаңға лек-легімен келді.

Бүгінгі күн әдеттегіден жайдарлы болды. Қала халқы мен тұрғындар демалыс орындарына қарай ағылды. Мұнда концерт қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Халықты өңір басшысы құттықтады.

«Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырысы төгілмес тірліктің бастауы Әз Наурыз берекелі, баянды болсын! Наурыз баршаға жақсылық, құт-береке тілеп, ертеңге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі. Биылғы Наурыз мейрамы еліміздегі тарихи оқиғамен тұспа-тұс келіп отыр. Мереке қарсаңында ел тәуелсіздігін бекіткен, қазақ елін әлемге танытқан Елбасымыз тарихи шешім қабылдап, өкілеттілігін тоқтатты.

Елбасының қазақ халқына сіңірген еңбегі зор. Қазақстан әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі бар елге айналды. Әлем қазақ елін тыныштықтың символы ретінде таныды. Осындай тарихи сәтте барымызды бағалап, ауызбіршілігімізді сақтап елдің одан әрі өркендеуіне күш салуымыз керек. Ақтөбе 150 жылдық тарихы бар қала. Жыл сайын қарқынды дамып, көркейіп келе жатқан аймақ. Бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен қолдауларыңыздың нәтижесі», — деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: