Ақтөбелік жастар пәтерлі болды

Өңір басшысының жастармен кездесуі қала сыртындағы мұнай жабдықтары зауытында болды. Бүгін бір топ жас баспаналы болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кездесу барысында жастарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелері қамтылды. Ірі кәсіпорын басшылары мен оқу орын өкілдері арасында екіжақты мемарандумға қол қойылып, студенттерді жұмысқа орналастыру бойынша келісімге келді.

«Биыл Жастар жылы деп жариялады. Облыс бойынша оқу орнын бітіргендердің тек 70 пайызы жұмысқа орналасады. Білімді жетілдіріуміз керек. Заман талабына сай мамандарды дайындаған жөн», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Шара барысында Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отыра әлеуметтік салада қызмет ететін жастарды және жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Жастар» бағдарламасы аясында баспаналы болған жастардың екінші легіне пәтер кілттері табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Пікір қалдырыңыз