Ақтөбеде Нұрсұлтан Назарбаев көшесі пайда болды


Ақтөбе қалалық мәслихат депуттаттары халықтың ұсынысын қабылдап, Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігіне Нұрсұлтан Назарбаев есімін берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың сөзінше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейін ақтөбеліктер президенттің еңбегін ескеріп, оған көше атауын беруді ұсынған.

«Қала әкімдігі жанынан құрылған ономастика комиссиясы ақтөбеліктерден түскен ұсыныстарды қарады. Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова даңғылынан Бөкенбай батыр көшесіне дейінгі аралығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру ұсынысы қаралды», — деді Ілияс Испанов.

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.

Пікір қалдырыңыз