Қаланың үйлерін бояу кезінде көк түсті көп пайдаланады – суретші

Суретші Аманбай Сатыбалдиев көгершін асырайды, ит бағады. Ол гүл де өсіреді. Қала тұрғыны соңғы жылдары үйлерді бояу кезінде көк түсті көп пайдаланып, қателік жасалғанын айтып берді.

Әдемілікті жақсы көретін суретші дизайнер-көркемдеуші болып ұзақ жылдар жұмыс істеді. Алматы көркемсурет училищесінде оқып, сол жақта жұмыс істеген ол қалада көк түстің жиі қолданылатынына қынжылады.

«Кез келген ғимаратты көк түске бояуды әдетке айналдырған. Қаланы өзгертпес бұрын басқа өңірлерді, әлемді қарау керек. Егер бір саябақ жасау керек болса, 20 саябақты қарап, танысқан жөн. Сол жерден өзіңе керегін тауып, өңірге бейімдеп, дизайн жасаған дұрыс. Белгілі бір қоршаудан шыға алмайтын суретшілер көп. Көшірмесін жасау ол шығармашылық емес. Ал өзіндік қолтаңба қалдыру шебердің ісі», — Аманбай Сатыбалдиев.

Айта кетейік, соңғы жылдары Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлер боялып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: