Ақтөбеде ұлттық мереке қарсаңында дәстүрлі жастар кеші өтеді

Жастар жылына орай биылғы Наурыз мерекесінде дәстүрлі жастар кеші өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шараның мақсаты жастардың арасындағы ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді насихаттап, олардың шығу тарихын түсіндіру.

«Бұрын​ ​ «Селтеткізер», «Ұйқыашар» сынды ғұрыптар болды. Бір-біріне сыйлық ұсынған. Олардың шығу себебі мен мағынасын түсіндіру үшін жастарға арналған ойын-сауық бағдарламасы дайындалып жатыр. Театрландырылған көріністен бөлек көрермен болып келген жастармен ойындар өткізіледі», — дейді Ақтөбе облысының мәденит, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

Дәстүрлі шара 21-наурыз күні сағат 19:00-де Тұңғыш Президент саябағында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: