Ақтөбе Наурыз мейрамын бір ай бойы тойлайды

«Наурыз мейрамы – 2019» аясында облыс көлемінде 30 күн бойы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ұлыстың ұлы күніне арналған алғашқы шара 14 наурызда Көрісу күнімен басталады. Батагөй ақсақалдардың арасында байқау өткізіліп, театрландарылған мерекелік бағдарлама қойылады. Наурыз мейрамына орай облыс көлемінде 1000-нан аса шара өткізу және 300 мың халықты қамту жоспарлануда.

«Наурыз мерекесі халықтық қыдыру емес, өсіп келе жатқан жастарымызға салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттауға арналған. Соған байланысты тек мәдениет мекемелерінде емес, білім және кәсіпорын мекемелерінде де шаралар ұйымдастырылады. ​ Мереке қарсаңында қайырымдылық акциялары өтеді. Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қамқорлық көрсету бойынша 200-ден аса кәсіпорын қолдау көрсетуде», — дейді Ақтөбе облысының мәденит, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

Облыс оорталығында 21-22 наурыз күндері сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін мерекелік шаралар өтеді.

21 наурыз күні қаланың 6 ашық («Мәңгілік алау» алаңы, «Денсаулық» саябағы, «Батырлар» аллеясы және Абай даңғылы бойындағы аллея) алаңында басқарушы компаниялар мен орта мектептердің қатысуысмен мерекелік бағдарламалар қойылады.

22 наурыз күні 8 орында («Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында, «Керуен-сити» ойын-сауық орталығында, «Ретро» демалыс саябағында, А. Пушкин атындағы демалыс саябағында, Астана ауданы «Қоныс» спорт сарайы, Алматы ауданы №60 орта мектеп, Ақтөбе қалалық мәдениет үйі) киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарламалар қойылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: