Ақтөбеде қариялар үшін арнайы орталық ашылды

Ақтөбеде Белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында қариялар шахмат ойнап, қолөнермен шұғылдана алады.

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында іске асырылған орталықта тіл үйреніп, компьютерді меңгеруге болады. Құқықтық кеңес те беріледі.

«Жасым 80-нен асты. Медицина саласында ұзық уақыт жұмыс істеп, қазір демалыста жүрмін. Жұмыс істеп, тыным таппаған адам үшін бір мезетте үйде отыру денсаулыққа да, психологиялық тұрғыдан да қиын. Адамдар бір-бірімен араласып, ішкі сырын айтса, көпшілік ортасында жүрсе, ауру-сырқауын ұмытады. Біз үшін басқосу орны қажет еді. Мұны партия қолға алып, Белсенді өмір сүру орталығын ашып берді. Өзім домбырада, скрипкада ойнаймын. Шахматты да жас кезімізде ермек еттік. Енді жұмыс деп мән бермеген істерді өзіміз үшін үйреніп аламыз», — деді зейнеткер Серғазы Қорғанбеков.

Белсенді өмір сүру орталығы Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орналасқан. Орталық алты секция бар. Олар: салауатты өмір салты, құқық және психология, қызығушылықтар бойынша клубтар, әңгімелесу және тіл үйрену клубтары, компьютерлік сауаттылықты арттыру. Орталықтың ашылуына «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары, аналар кеңесінің мүшесі, этномәдени бірлестіктер өкілдері, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет саласы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Ассамблея жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: