Таэквондодан Қазақстан чемпионы өз-өзін қорғауға тура келген сәттерін айтып берді

Қазақстан чемпионатында бірінші орын алған ақтөбелік таэквондошы тек спорт алаңында емес, кейде өз-өзін қорғауға тура келетін сәттерімен бетпе-бет келгенін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Таэквондомен 5 жасымнан айналысып келемін. Үйірмеге әкем апарды. Аптасына үш рет барамын. Спорттың бұл түрі өз-өзіңді қорғауға да септігін тигізеді. Алдағы уақытта түрлі халықаралық, әлемдік жарыстарға қатысып, елімнің намысын қорғасам деген арманым бар. Біздің спортпен шұғылданып, жетістікке жетуіміз үшін Ақтөбеде барлық жағдай жасалған», — дейді 10 жастағы Қазақстан чемпионы Әлішер Жұмабек.

Әлішер 16 ақпанда өткен Қазақстан чемпионатында өз мықтылығын тағы дәлелдеп шықты. Ол үш қарсыласын жеңіп, алтын медальге ие болды.

Айта кетейік, 16-17 ақпан күндері «Жекпе жек» спорт сарайында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында ITF таэквондодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты және «Aktobe Open» халықаралық турнирі өтті.

«Жарысқа 400-ден астам спортшы қатысты. Шараның басты мақсаты – Әлем чемпионатына баратын мықты жастарды анықтау. Айта кетерлігі, бұған дейін Ақтөбеде ITF таэквондодан жарыс халықаралық деңгейде өтіп көрмеген», — дейді облыстық ITF таэквондо федерациясының басшысы Асқар Шуитбаев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: