Ақтөбеде «Ашық есік күні» тағы екі күнге созылды

Ақтөбе қаласында мемлекеттік мекеме басшылар мен коммуналдық қызмет өкілдері қоғамдық қабылдауды жалғастырады. Алғашында 3 күн сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдау жүргізу көзделсе, бүгін қалалық әкімдік тағы екі күнге созылғанын хабарлады.

Ақтөбе қаласы бойынша қазір 4 мекенжайда қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, тұрғындардың көбі пәтер алу, жәрдемақы мәселесін сұрап жатыр.

Қазіргі кезде көмекке мұқтаж отбасылармен нақты жұмыс істеу үшін депутаттар, қоғамдық белсенділер және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен тұратын мобильдік топ жұмысқа кірісті. Қала әкімі Ілияс Испанов өтініштерді саралап, нақты көмек беру жайын талқылады.

«Қаламыздағы кәсіпкерлер, құрылыс компаниясының басшылары, жеке кәсіпкерлер көмекке зәрі отбасыларға көмек көрсетуге шешім қабылдады. Қала әкімі Ілияс Испанов өзінің бір айлық жалақасын «Қолғанат Ақтөбе» қорына аудару жөнінде үндеу тастады. Депутаттар мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қолдады», — деп жазылды қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: