Ақтөбеде заманауи студенттер жатақханасы салынады

Ақтөбе политехникалық колледжінде жаңа жатақхананың құрылысы басталады. Студенттерге арналған үй мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынады деп жоспарланып отыр.

«Бізде колледж ауласының ішіне заманауи жатақхана салынады. Ол кезде студенттерге автобусқа мінудің қажеті болмай қалады. Студенттеріміз сабаққа ауланың ішінен қатынайды. Жаңа жатақханада бір бөлмеде бір немесе екі студент қана тұратын болады», — дейді колледж директоры Қосымбек Алдияров.

Қазіргі уақытта оқу орнында 1500 студент 14 мамандық бойынша білім алады. Оқу орнының басшысы студенттердің дені пәтер жалдап тұруды қолайлы көретінін айтты.

«Баяғыдай жағдайға қазіргі балалар тұрмайды. «Қой» деп айтатын адамы жоқ пәтерде, бостандықта жүргісі келеді. Қазір біздің 300 студентіміз пәтер жалдап отыр. Апасымен, достарымен бірге тұрады. 71 бала жатақханада жатыр», — дейді басшы.

Оқу орнында салынатын жаңа жатақхана 184 орынға арналады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: