Ақтөбеде ұлт аспаптар ансамблі құрылады

Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде ұлт аспаптары ансамблі құрылады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ілияс Испановтың есебінде белгілі болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Ермеков бұған дейін де ұлттық ансамбль құру ұсынысын айтқан болатын. Бүгін ол өз өтінішін тағы жеткізді.

«2019 жылдың бюджетін қараған кезде аспаптарды сатып алуға 8,9 миллион теңге қарастырылды. Сатып алу жұмыстары басталды. Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай бұл іс шешіледі», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: